Ақтөбе полициясы күшейтілген қызмет түріне көшті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы 20-25 наурыз күндері аралығында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыстық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті. Көшелерде полиция жасақтарының, соның ішінде жаяу жүретін жасақтардың саны артты. Сондай-ақ мерекелік іс-шараларды өткізуі мүмкін орындарды, адам көп жиналатын нысандарды назарға алды. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның сарбаздары де тартылатын болады.

«Мереке күндері полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде. Саптық қызметтің жеке құрам алдына қойылған негізгі міндет - бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар