+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Ақтөбе полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 24 ақпан 13:20
Бөлісіңіз:
Ақтөбе полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Атабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев жеке құрамға Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды.

Бауыржан Атабаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары тергеу және жедел бөлімшелерде жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап Ақтөбе облысының ПД басқармасын басқарды.

«Іс-шара соңында ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев полиция департаментінің бастығы және жалпы ҚР ІІМ басшылығы қойған құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі міндеттер туралы еске салды. Мүліктік сипаттағы қылмыстарды және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігі айтылды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT