+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақтөбе полицейлері бұзылып қалған автобустағы 50 өзбекстандықты құтқарды

2019 жылғы 16 желтоқсан 13:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбе полицейлері бұзылып қалған автобустағы 50 өзбекстандықты құтқарды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара – Шымкент» тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық полицейлер жолда қалып қойған 724 жолаушыға көмектесті Қарағанды полицейлері жол шетіне шығып кеткен автобустың 42 жолаушысын құтқарды Ақмола облысында жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

«Самара – Шымкент» тасжолы полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бақылауына алынды. Патрульдік полиция қызметі жол жиегінде тұрған автобусты көріп, көмекке барды. Автобус бұзылған, дәнекерлеу жұмысы қажет болды.

«Автобус салонында 54 жолаушы болған. Оның 50-і - Өзбекстан, төртеуі - Тәжікстан азаматы және көлік жүргізушісі бар. Ресейдің Перьм қаласынан Өзбекстанға бет алған жолаушылар екен. Көлік бұзылған кезде бірнеше сағат жолда қалып, тоңған. Полиция барлық жолаушыны жақын маңдағы жанар-жағармай бекетіне жеткізіп, оларға ыстық шай ұсынды. Кейін дәнекерлеу құралын жеткізіп, автобусты жолға дайындады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, «Самара – Шымкент» бағатымен жүрген автобус Ырғыз ауданы маңында тағы бұзылып қалған. Жергілікті полиция қызметі көмекке барып, автобусты кемпингке жеткізді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң қайта жолға шығып, жолаушы толы қоғамдық көлікті Қызылорда облысының аумағына дейін бақылады.

«Полиция үнемі жолда көмек көрсетіп жүр. Автобус жүргізушілері жолаушылардың өміріне селсоқ қарап, техникалық жағдайын назардан тыс қалдырады. Кейбір көлік иесі қарапайым су құйып, жолда қалып жатыр. Қыстың аязында бұл өте қауіпті», - деді Ерболат Сарқұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT