Ақтөбе–Орынбор: «Шағаршын-Жайсаң» шекара бекетінің өткізу мүмкіндігі артады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Орынбор – Еуразия жүрегі» халықаралық форумында «Шағаршын-Жайсаң» бекетіндегі өткізу жолын кеңейту жоспарына қол қойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Орынбор – Еуразия жүрегі» халықаралық форумы аясында өткен «Ұлттық бастамалардың азаматтар мүддесіндегі еуразиялық интеграциясы» атты пленарлық отырысқа қатысты. Форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және басқа елдерден 3 мыңнан астам адам қатысты. «Орынбор – Еуразия жүрегі» - бұл алдымен тәжірибе алмасу, мемлекеттер мен кәсіпкерлер арасынағы байланыс. Бұл қарым-қатынас біз үшін маңызды. Қазір Біз шекаралас өңірлердегі әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас жасап, жобаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз», - деді Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер. Оңдасын Оразалин форумның туристік, инновациялық және инвестициялық әлеуетін дамытуға ықпал етіп жатқанын атап өтті. «Қазақстан мен Ресей өңірлік интеграцияны тереңдетуді сенімді түрде жалғастыруда. Ал Ақтөбе мен Орынбор облыстарының өзара қарым-қатынасы - табысты өңіраралық әріптестіктің жарқын үлгісі. Біз тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. .ұл біздің мемлекет басшыларымыздың стратегиялық серіктестігінің жалғасы. Ресей, оның ішінде Орынбор облысы сыртқы саудадағы серіктесіміз болып табылады. Ірі бизнес жақсы дамыған. Шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саладағы серіктестік дамып жатыр. Ақтөбе облысының Ресеймен арадағы тауар айналымы осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 676,3 млн долларды құрады. Соның ішінде экспорт 245 млн, импорт – 431,3 млн доллар. Орынбор облысымен арадағы тауарайналым 48,2 млн долларды құраса, оның ішінде экспорт үлесі 18,2 млн доллар, импорт - 29,9 млн доллар. Ресей капиталы бар өндіріс саны да жыл сайын артып келеді. Бүгінде біздің облыстағы 1 084 шетелдік компанияның 534-і Ресейдікі»,- деді өңір басшысы. Облыс әкімі шекара маңындағы инфрақұрылымды жақсарту, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара бекеттерінің өткізу мүмкіндіктерін кеңейту сұрақтарына баса назар аударды. Форум барысында «Шағаршын-Жайсаң» бекетіндегі өткізу жолын кеңейту жоспары бекітілді.

Соңғы жаңалықтар