Ақтөбе өңірі еліміздегі туризм орталықтарының біріне айналмақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта «ITFA - 2014. Туризм. Саяхат. Спорт» атты XI аймақтық туристік көрме мен «Шеберлер ауылы» қолданбалы өнер шеберлерінің республикалық фестивалі өтті.

Көрмеде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарының қолөнер шеберлері мен өкілдері өз өнімдері мен қызметтерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ оған туристік фирмалар, мейрамханалар мен қонақүйлер қатысты. Мәселен, Мәртөк ауданынан келген ағаш шебері Вячеслав Бурцев: «Мен 20 жылдан бері ағаштан түйін түйіп келемін. Бұрын ол хоббиім болатын, қазір зейнетке шықтым, сондықтан бұл іспен ден қойып айналысып жүрмін», -дейді. «Туристік сала еліміздегі ғана емес, әлемдегі экономиканың даму күшіне айналып отыр. Туризмнің БАӘ, Түркия сынды елдердің дамуына қалай оң ықпалын тигізгенін өздеріңіз де байқап отырсыздар» , - деді шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков. Ал ҚР Туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Ақтөбе облысының туризм саласын дамытуы үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірде әсіресе спорттық туризм қарқынды дамып келеді. Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе облысы батыс аймақтағы зор туристік әлеуетке, қолайлы географиялық жағдай мен бірегей табиғи ескерткіштерге ие ірі өнеркәсіптік әрі іскерлік орталыққа айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар