Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жаңа басшы келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысы қызметіне Жұмамұрат Алдашев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмамұрат Алдашев бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Ол 1961 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын дәрігер-оташы болып бастаған (1986-1987 жж.).

1993 жылы КСРО медициналық ғылымдары Академиясының хирургия Бүкілодақтық Ғылыми Орталығының базасындағы клиникалық ординатурасын бітірген.

1993-1996 жылдары Ленин орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері, 1996-1998 жылдары Ақтөбе қалалық № 1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, 1998 жылдың наурыз-қыркүйек аралығында Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, 1998-2001 жылдары Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 2001 жылдың мамыр-қыркүйек аралығында облыстық клиникалық аурухана бас дәрігері, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Медицина ғылымдарының кандидаты.

Соңғы жаңалықтар