Ақтөбе облысының шалғай ауылында сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында Әйтеке би ауданының Жамбыл ауылында орталық сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді.

Аязды күнге қарамастан, салтанатты жиынға ондаған ауыл тұрғындары жиналды. Бұл күнді олар көптен бері күткен еді, өйткені мұнда ауызсу ең өткір мәселелердің бірі.

«2017 жылға дейін ауылдық округтің елді мекендері сумен орталықтандырылған көздерден қамтамасыз етіледі», - деді маңызды әлеуметтік нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Аманғали Бердалин.

Ол сондай-ақ бірер жылдан кейін ауылға газдың да келетінін айтып, ауылдықтарды қуанышқа бөледі.

Жамбыл ауылы тұрғындарының атынан сөз сөйлеген ақсақал Кеңес Мұхамбетов аудан және облыс басшылығына мереке күні қарсаңында жасалған бұл сыйлықтары үшін, ал мердігер ұйымы болған «Влад» ЖШС-нің басшыларына - сумен жабдықтау жүйесінің тез әрі сапалы пайдалануға бергені үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар