+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында балалар жаңа мектепте оқитын болды

2019 жылғы 1 желтоқсан 23:16
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында балалар жаңа мектепте оқитын болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Жаныс би мен Шеңбертал ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалғай ауылдағы екі мектеп заманауи үлгімен салынған. Мұнда спорт зал, компьютерлік және лингафон кластары бар. Балалар үшін химия, биология кабинеттері де ашылған. Инфрақұрылым жүйлері тартылған, дәретханасы мектеп ішінде. Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай есігін айқара ашқан білім ордасын облыс әкімі аралап көрді.

«Елбасымыз өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім алу үшін барлық тиісті жағдай жасау керектігін айтқан болатын. Осыған орай, балалар сапалы білім мен тәрбие алуы үшін бар мүмкіндікті жасап жатырмыз. 2019 жылы 10 мектеп пайдалануға берілді. Облыста балабақша саны да күн санап артып келеді. Ал Ырғыз ауданының орталығында мектеп-интернат салынып жатыр. Интернат 100 орынға шақталған», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Ауыл мектебінде оқулық жеткілікті. Әзірге сұйытылған отынмен жылытылады. Алдағы уақытта көгілдір отын тартылып, жылыту қазандығына қосылады. Өңір басшысы облыстық Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваға мектептерді сапалы интернет жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

«Мен жас маманмын. Өзім 2016 жылы ауыл шаруашылығы колледжін бітіріп, Отан алтындағы борышымды өтеп келдім. Жоғары оқу орнындағы білімімді әрі қарай жалғастырып жүрмін. Студент әрі жас мұғалім ретінде ауылды көтеруге келдім. Жаңа мектеп бізді жігерлендіріп, тың күш берді. Енді мұнда білікті ұрпақ тәрбиеленеді», - деді мектеп мұғалімі Абылай Сырабай.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT