Ақтөбе облысының Ойыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ойыл ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл қызметке Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевты тағайындады.

Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың, оның ішінде, жастардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттігін айтты.null

«Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту, бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Енді жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет. Бұдан бөлек, бизнестің жол картасы, қарапайым заттар экономикасы саласын, еңбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», - деді Оңдасын Оразалин.

Асқар Қазыбаев 1962 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1979-1980 жылдары Ойыл ауданында қарапайым жұмысшы болып бастаған.

1994-1997 жылдары Қаратал ауылдық округі әкімі қызметін атқарған.

1997-1999 жылдары Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2010 жылдары Ойыл аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, 2010-2019 жылдары Ойыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал, Ойыл ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Дастан Сағыровқа облыс басшысы қызметі үшін алғысын білдірді.

null null null

Соңғы жаңалықтар