+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Ақтөбе облысының медицина мекемелерінде карантин талаптары күшейтілді

2020 жылғы 21 қазан 19:29
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысының медицина мекемелерінде карантин талаптары күшейтілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында шектеу шарасы күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның Қаулысымен өңірде шектеу шаралары күшейтілді.

Бүгін жарияланған жаңа Қаулыға сәйкес, медициналық ұйымдар іші «лас» және «таза» аймақтарға бөлінеді.

Меншік түріне қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымы келушілердің дене температурасын өлшеуі тиіс.

COVID-19 анықталған жағдайда науқастарды оқшаулауға изолятор ұйымдастырылуы қажет.

Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылған кезде науқастарда коронавирусқа ПТР-тестілеудің анықтамасы болуы тиіс.

«Меншік түріне қарамастан облыстағы стационарларда медицина қызметкерлерінің бөлімше арасындағы қозғалысы шектеледі. Пациенттерге туыстарының келуіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда қашықтан кеңес беру ұсынылады. Үйдегі карантинде жатқан адамдар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын медициналық ұйымдарға бармай рәсімдеу ұйымдастырылады», - деп жазылған Қаулыда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT