+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылғы 2 наурыз 19:25
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Мәртөк ауданының әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды Аян Бахиянов Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Алмас Салықбаев - Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетінің түлегі.

Ол еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қалалық филиалының несие офицері болып бастаған.

Кейін «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Мұғалжар аудандық бөлімшесінде менеджер, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, ​ Мұғалжар аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін Мәртөк ауданының әкімі болған Ермек Кенжаханұлы бүгін облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT