Ақтөбе облысының қоймасынан қажетті дәрі-дәрмектер табылмады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы және қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада әлі де тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
COVID-19 дертіне қарсы 44 түрлі дәрі-дәрмектің 8-і Ақтөбе облысына осы күнге дейін жеткізілмеген.
«Қазіргі кезде флуконазол, фондапаринукс, эпинефрин, эноксапарин, неостигмин, хлоропирамин, дексаметазон, метилпреднизолон дәрісі «СҚ-Фармация« АҚ-ның Ақтөбедегі қоймасында жоқ. «Тапсырыс берілген, жолда» деп айтады. Негізі барлығы қоймада сақталып тұруы керек. Бізге 2020 жылдың соңында бәрі толық жеткізілетінін айтқан болатын. Бірақ іс жүзінде орындалмады«, - деді «Ақтөбе-адалдық алаңы« жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанболат Тұртаев.
«СҚ-Фармация« АҚ-ның Ақтөбедегі қоймасына қажетті дәрі-дәрмек үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
«Бір бөлігіне тапсырыс беріліп, қаңтар айының соңына дейін емдеу орындарына жеткізіледі. Фондапаринукс және эноксапарин дәрісі өзге препаратқа ауыстырылды. Өткен жылы тек эпинефрин сатып алынбады. Оған емдеу мекемелерінің өздері тапсырыс береді. Сонымен бірге сұраныс артқан жағдай үшін дәріханаларға қажетті 190 миллион теңгенің дәрісі қоймада сақтаулы тұр«, - деді «СҚ-Фармация« АҚ-ның Ақтөбе облыстық филиал жетекшісі Нұрлан Жұбанышев.
- Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
- Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 17 адам ауырып, 4 адам қайтыс болды
- Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді
- Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды
-
Қазақстанда 653 адам коронавирус жұқтырды
-
Полицейлер Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам