Ақтөбе облысының көрікті жерлері - бекіре тоғандары, Қасқыр сарқырамасы мен Мылқау ауыл (ФОТОРЕПОРТАЖ)

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қарғалы ауданы Ақтөбе облысының ең көрікті әрі экологиялық таза аймақтарының бірі. Бұл өңір тек пайдалы қазбаларға ғана емес, флора мен фаунаға да аса бай. ҚазАқпарат тілшісі Қарғалы ауданы бойынша баспасөз турының барысында бекіре тоғандарында, Қасқыр сарқырамасында болып, Мылқау ауылдың неліктен солай аталғанын білді.

Ақтөбеден 60 шақырым жерде Қазақстандағы жалғыз бекіре тоғаны - жергілікті кәсіпкер Қали Ысмайыловтың «Ардағым» шаруашылығы бар. Мұнда кәсіпкердің жеке бастамасымен және мемлекеттің қолдауымен 15 жасанды тоған салынды. Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары әкелінген.

Мына шағын тоғанда 300 бекіре балығы бар. Мұнда сіз балық аулаудың барлық қызығын тамашалай аласыз. Әрине ол тегін емес. Бір келі бекіре үшін 5 мың теңге төлеу керек. Балық Ақтөбе қаласының мейрамханаларына жеткізіледі. Алайда шаруашылықтағылардың айтуынша, одан келетін кіріс шығыннан гөрі аз.

Бекіре шаруашылығына жақын маңда жаңағы кәсіпкердің тұқы тоғандар бар. Мұнда ол туризмді дамыту мақсатында балықты жазда да, қыста да аулау үшін ағаштан ойып жасалған үйшіктер тұрғызған.

Ал тоғандарға барар жолда мынандай көріністер күтіп тұрады. Халықта бұл орында «Қолтырауын» деп атайды.

Қарғалы су қоймасы. Облыстың жасанды ірі су қоймасы. Оған 280 млн. текше метр су сияды. Жақсы Қарғалы тау өзенін бөгеп қою арқылы Орал маңындағы ландшафттар жаңғыртылды. Болашақта мұнда 25 мың гектар аумақта табиғи саябақ ашу жоспарланып отыр.

Сабыр бұлағы. Бұл жерле сіз тамақтанып, тынығып ала аласыз. Қарғалы ауданында бұлақтар, балық пен жабайы өсімдіктер - қарақат, қара бүлдірген, таңқурай көп.

Тағы бір көрікті жерлердің бірі - Қасқыр сарқырамасы. Аңызға сенсек, су тасқыны кезінде сарқырамаға жеті бөлтірігімен қасқыр келген. Оның күшіктерін су шайып кеткен. Бірақ өзі аман қалған. Ол күнде кешкісін сол жерге келіп, ұлиды екен. Бұл жер шынымен де өте әдемі. Сарқырама үлкен Ащылысай көлінен суды бұрған сияқты құрылған. Мұнда демалуға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен бірге, ресейліктер де келеді екен. Өкінішке қарай, бұл сарқыраманың тамаша көркін мамырдан маусымға дейін ғана көруге болады. Себебі кейін ол кеуіп қалады. Бір қызығы, жаз шыққанына қарамастан бөктерде әлі де қар жатыр.

Туризм саласына еңбек сіңірген нұсқаушы Гүлнар Қартанова: «Әрине, туроператорларға бүгінгі таңда туристерді ел ішіндегі турлар бойынша жіберу тиімсіз. Алайда қазір мемлекет ішкі туризмді дамыту үшін адамдарды белсенді демалысқа тарту мақсатында көптеген жағдайлар жасап отыр. Және қазіргі туристер де басқа. Қазір мен осы сияқты орындарды көрсетсе, аса зор қызығушылықпен табиғатқа шығатын адамдарды көптеп кездестіремін».

Ал мынау Мылқау ауыл. Қорықшы Анатолий Грузиннің сөзіне қарағанда, бұл жерге байланысты аңыз бар. Ақсақалдар осы орында ауыл болған және көріпкел тұрған дейді. Бірақ оны ешкім көрмеген және дауысын да естімеген. Бәрі онымен бір әйел адам арқылы тілдескен. Ол сұраған адамға ақылды адамның жауабын жеткізіп отырған. Содан бері бұл көрікті жерді «Мылқау ауыл» деп атап кеткен деседі.

Қорықшы А.Грузин

Соңғы жаңалықтар