Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы тоғанда балық қырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы тоғанда балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 сәуірде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы» инспекциясына Ақтөбе облысының Қобда ауданы Жарсай ауылының Кузьмин тоғанындағы балықтардың қырылғаны туралы хабарлама түсті.

«Сол күні өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, инспекция мамандары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы және Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар басқармасымен бірлесіп осы су айдынына тексеру жүргізді. 4 тонна өлі мөңке балығы жиналған. Ол балықтар жойылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, зертхана зерттеуін жүргізуге тоған суы мен балықтан сынама алынды.

«Қазіргі болжам бойынша балықтардың қырылуына су деңгейінің жеткіліксіздігінен (1,0-1,5 м) қыста суда оттегінің болмауы себеп болуы мүмкін. Балықтың қырылуының нақты себебін тиісті зертханалық зерттеу жүргізілгеннен кейін қосымша хабарланады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Кузьмин тоғаны Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінде орналасқан. Тоғанның ауданы 3 гектар. Ол балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енбеген. Тоған мал суару үшін салынған. Су қоймасының жанында өндірістік объекті жоқ.


Соңғы жаңалықтар