Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында базар өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласындағы базардан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті.

«2019 жылдың 25 маусымы күні сағат 21:34-те «101» пультіне Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Алан» орталық базарының 2 қабатты ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт ғимараттың 1 қабатындағы ойыншықтар мен мұздатқыштар сататын бутигінен шыққан. Өрт сағат 22:00-де ауыздықталып, сағат 22:24-те толық сөндірілді» - деді Н.Нұрахметов.

Оның айтуынша, жалын 36 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, комитет өкілі өрт сөндіруге жеке құрамның 9 маманы және Ақтөбе облыстық ТЖД-ның 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар