Ақтөбе облысының еңбек ардагерлері мен «жомарт жүректер» марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өтіп, облыстың еңбек ардагерлері мен «Жомарт жүрек – 2019» республикалық байқауының өңірлік кезең жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел қалауы – Елбасы» атты шара Жекпе-жек сарайында өтті. Оған өңірдегі жастар мен белсенді азаматтар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. «Егемендігім – елдігім» музыкалық би қойылымымен ашылған шара кезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген «Мәңгілік ел салтанаты» бейнематериалы көрсетілді.

«Бұл жалпыхалықтық мейрам – еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның игілігі, абырой-беделінің артуы үшін атқарып жатқан еңбегінің, әлем қауымдастығының алдындағы зор абыройының заңды нәтижесі. Бұл, халқымыздың Тұңғыш Президентіне, Ұлт көшбасшысына шынайы ризашылығын білдіріп, өзіміздің дербес «Қазақстандық жолымызға» көз жүгіртетін, ой қорытатын сәт. Сол бір кезеңде, қазақ елі өзінің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бірауыздан сайлап, Елбасымыз ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен еліміз, тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы жүгі ауыр аманатын арқалады. Осы кезеңнен бастап жаңа Қазақстанның тәуелсіз жолы қазақ шежіресінің алтын жолдары ретінде жылнамаға жазылуда», - деп атап өтті аймақ басшысы Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі шара барысында қайырымдылық жасап, демеушілік көрсеткен 7 азаматты «Жомарт жүрек – 2019» республикалық байқауының номинацияларымен марапаттады. Сонымен қатар, аймақ дамуына қосқан үлестері үшін 7 еңбек ардагеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады.

«Өзім Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында жұмыс істеймін. 40 жылдан астам уақыт бойы балаларды емдеп, оларға операция жасап жүрмін. Биыл Ойыл ауданына барып, балаларды арнайы қабылдап, сол жерде ем жүргіздім. Оңалту жұмыстарын да өзім бақыладым. Еңбектің еленгені жақсы», - деді «Ерен еріктілік» номинациясының иегері Болат Медетов.

Соңғы жаңалықтар