Ақтөбе облысының экономикалық өсімі бес пайызды құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының экономикалық өсімі бес пайызды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындай отыра экономика өсімінің бес пайызға өсуіне қол жеткіздік. Оң динамика барлық секторларда қамтамасыз етілген, - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Сонымен, өндірістік өсім 4,7 пайызды құрап, жалпы алғанда 1077 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. 9,1 пайыз деңгейді құраған өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша Ақтөбе облысы Қазақстан бойынша көш басында тұр.

Облыс экономикасына тартылған инвестиция есептік кезеңде 21,1 пайызға өскен (268 млрд теңге).

Мұнымен қоса, ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 3,9 пайыз (145,5 млрд теңге), әрекет ететін ШОБ субъектілерінің саны 10,9 пайыз (50,7 мың бірлікке дейін), бөлшек сауда айналымы 7,9 пайыз деңгейінде өсіммен қамтамасыз етілген.

Ал құрылыста жұмыс көлемінің өсімі 10,3 пайызды құрап, 390 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша 650 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады деп жоспарлануда.

Ал өткен жылмен салыстырғанда салық көлемі  72,5 млрд теңгені құрап, 7 пайызға артты.

Экономика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыспен қамтуды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде. 15,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл соңына дейін 1,3 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Соңғы жаңалықтар