+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 33 іс-шара бекітілді

2020 жылғы 24 қараша 10:53
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 33 іс-шара бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 33 іс-шара бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді Полиция Туризм Академиясы президентінің кабинетінде түсірілген фотоны тексеріп жатыр

Үкімет отырысында Экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларды шешуге бағңытталған Жол картасында 33 іс-шара көзделгенін мәлім етті. Негізгі іс-шаралар келесі жұмыстарды көздейді: Ақтөбе ферроқорытпа зауытында экологиялық мақсатта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, Ақтөбе қаласындағы кәріздік тазарту кешенін қайта жаңарту, көгалдандыру, өзен арналарын тазарту, Көкжидедегі жерасты суына мониторинг зерттеуін ұйымдастыру, бұрынғы Алға химия зауытының қауіпті қалдықтарын жою, 8 жаңа полигон салу және ескілерін рекультивациялау.

Бұл мәселеге байланысты өңір басшысы Оңдасын Оразалин расында да, Ақтөбе қаласы ауа сапасы жағынан қолайсыз қалалардың бірі екенін атап өтті.

«Атмосфераны ластаушы негізгі екі фактор бар: біріншісі, кәріз жүйесінің тозғаны, екіншісі қала аумағында орналасқан «Ақтөбе-Ферроқорытпа» зауытының шығарындылары. «Ақтөбе-Ферроқорытпа» зауытына тоқталсақ, қазіргі таңда №1 және №2 цехтардың газдан тазарту жүйесін қайта тазарту жүйесін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Осының нәтижесінде бейорганикалық шығарындылары 20 пайызға дейін азайтылады», - деді ол.

Әкімнің айтуына қарағанда кәріз жүйелерінен бөлінетін күкіртсутегі шығарындыларын азайту мақсатында қазіргі таңда қалада бірқатар шара қабылданып жатыр.

«Кәсіпорындардың қаладағы кәріз жүйесіне сарқын су ағызуын бақылау күшейтілді. Кәсіпорындар желіге майды тұтып қалушы, сондай-ақ жергілікті тазарту құрылғысын орнатып жатыр. Осыған қоса Ақтөбе қаласындағы тазарту құрылғылары кешеніндегі қазіргі су құбырларын жаңарту басталды. Күкіртсутегі шығарындыларын басуға алғашқы рет Татарстанның Қазан қаласынан тотализаторды алғызып, биыл қолдандық. Нәтижесі жаман емес. Кәріздік сорғы стансаларының желдету жүйесіне желдету жұмыстары жүргізіліп, көмір сүзгілері орнатылып жатыр. Бірақ сонымен қатар мәселенің негізгі шешімі – тазарту құрылғылары кешенін қайта жаңғырту», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT