Ақтөбе облысының бас экологіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұл кәсіпкерден 400 мың теңге ақша алған. Қазір осы ісі үшін жауап беріп жатыр.

«Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Былтыр желтоқсан айында кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалап алған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Ол өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектескен. Ақтөбе облыстық экология департаменті тікелей министрлікке бағынады. Сондықтан облыс әкімінің орынбасарларынан ешкім жауапкершілікке тартылмайды», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Айта кетейік, Нұржан Аққұл 2014-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшы болып, 2020 жылдың сәуір айынан бастап облыстық экология департаменті басшысы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар