+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақтөбе облысының ауылдарында қарапайым дәрі-дәрмектер жетіспейді

2020 жылғы 16 қаңтар 01:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысының ауылдарында қарапайым дәрі-дәрмектер жетіспейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары медициналық мамандардың тапшылығы мен қарапайым дәрі-дәрмектердің жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның жыршы-термешілері елордада концерт-спектакль қойды Ақтөбе облысында «Nur otan» жұмысын жандандыру жоспары құрылды Түркістанда «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, депутаттар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Үшқұдық, Тікқайың, Қарақобда және Сарықоба ауылдарында болды. Онда ауылдардағы мектептердің жағдайымен танысып, педагогтармен және оқушылармен кездесті. Кездесу барысында педагог мәртебесін арттыруға байланысты мәселелер мен денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы айтылды.

Үшқұдық ауылындағы мәдениет үйінің коворкинг-орталығында және Тікқайың ауылындағы орта мектеп ғимаратында тұрғындармен кездесулер өтті. Тұрғындар ауылдың қазіргі жағдайы мен тыныс-тіршілігі жөнінде жеткізді.


Мектепке жиналған Тікқайың ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы ауылға газ келетінін, ол Тікқайың өмірін қатты өзгертетінін айтты. Қазіргі кезде ауылдан адамдардың көшуі тоқтаған.

Депутаттар Алға ауданындағы сапарының соңында 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан шаруа қожалығында болды. Әбдіразақ Жақанның шаруашылығында 350 жылқы, 270 асыл тұқымды ірі қара және 800 қой бар.

«Жалпы, тұрғындармен болған барлық кездесулерде медициналық қызмет көрсету сапасы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, қарапайым дәрі-дәрмектің жоқтығы, жедел дәрігерлік көмек көрсетудің қолжетімсіздігі мәселелері көтерілді», - делінген палата ақпаратында.

Сенаторлар М.Тағымов пен М.Жұмағазиев ауылдық елді мекендерге сапарының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті. Сенаторлар ауылдық округтерге сапардың қорытындысы бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі біртіндеп жақсарып келе жатқанын, дегенмен бірқатар сұрақтар әлі де өзекті екенін атап өтті. Облыс әкімі газдандыру, сумен жабдықтау, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мәселелері басымдықа ие екенін және бірінші кезекте шешілетінін айтты.


Сенаторлар сондай-ақ облыс әкімі О.Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында өткен кеңеске де қатысты. Онда аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайы талқыланды.

Кеңес жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, даму институттарының өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысты.

Жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен құзыретті органдардың өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Асыл тұқымды мал әкелу, ауыл шаруашылығының салалық түрлері мен құс шаруашылығын дамыту, субсидиялау мөлшерін ұлғайту, жайылымдарды бөлу мәселелері өзекті мәселелердің қатарында болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT