Ақтөбе облысының әкімі соғыс ардагерлерінің үйінде болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының басшысы мен қала әкімі Ілияс Испанов алдымен соғыс ардагері Иван Курочкиннің шаңырағында болды. Иван Курочкин 1927 жылы 11 наурызда Орынбор облысында дүниеге келген. 1944 жылдың қараша айында әскерге шақырылып, майдан даласына аттанды. Ол Тынық мұхит флотында сүңгуір кемеде қызмет етті. « II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанда 1961 жылдан бері тұрады. 1982 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде еңбек етті.

Кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин соғыс ардагері Нұсқабай Абдолланың отбасына барып, соғыс ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ардагер 1925 жылы 7 мамырда Шалқар қаласында туған. Соғысқа 1943 жылдың қаңтар айында шақырылған. Ленинград, бірінші Украина шайқасына қатысты. «Қызыл Жұлдыз», «І-ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған. 1946-1990 жылдар аралығында Шалқар ауданында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
null

«Аймақ басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Өтеш Жалмағамбетті де мерекемен құттықтады. Өтеш Төлегенұлы 1924 жылы 24 сәуірде Мұғалжар ауданы Ембі ауылында дүниеге келген. Курск, Корсунь-Шевченко шайқасына, Украинаны азат етуге қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 2015 жылы «Құрмет» ордені берілді. 6 ұл-қыздан, 20 немере, 40 шөбере сүйіп отыр», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ардагерлерге Жеңіс күніне орай 120 мың теңгеден біржолғы жәрдемақы және сауықтыруға 180 мың теңгеден берілді.
«Келер ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін жан аямай соғыстыңыздар, жас ұрпақ ұлы батырлықтарыңызды мәңгі есте сақтайды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді облыс әкімі О.Оразалин.

Соңғы жаңалықтар