Ақтөбе облысының әкімі мен «Қазақойл Ақтөбе» мұнай компаниясы арасында меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі мен «Қазақойл Ақтөбе» мұнай компаниясы арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Бұл ақпаратты аталған компанияның баспасөз қызметі таратып отыр.

Қол қойылған құжат өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастығын нығайта түсуге бағытталған. Меморандумға сәйкес облыстық әкімдік «Қазақойл Ақтөбе» компаниясының инвестициялық және инновациялық бағдарламаларын қолдау міндетін өзіне алады. Ал өз кезегінде мұнай компаниясы жалпы құны 100 миллион теңге болатын жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті кадрларды оқыту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру сияқты міндеттерді өзіне жүктеп отыр.

Аталған сома компанияның негізгі инвесторы ЛУКОЙЛ компаниясы тарапынан бөлінеді. Оның 52 миллион теңгесі стадион құрылысына және Ақтөбе облысының ауылдарында тұрғын үйлер салуға жұмсалады. Ал қалған 48 миллионы «Арай» әлеуметтік серіктестік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінеді. Ақтөбе облысында наурыз айында іске қосылған бұл бағдарлама халық шығармашылығын дамытуға және ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарламаның ұйымдастыру комитетіне 450-ге жуық өтініш келіп түскен. Таяу уақытта үздік жобаларды таңдау өтіп, гранттар бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар