Ақтөбе облысының әкімі Амангелді Айталыны құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қоғам қайраткері Амангелді Айталыны 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы О.Оразалин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Амангелді Айталыны туған күнімен құттықтағаны туралы жазды.

«Адамның адамгершілігі мен ізгі қадір-қасиеттері оның жан дүниесінің тазалығында, бекзат болмысында, адалдығы мен қайраткерлігінде. Бүгін мерейлі 80 жасқа толған Амангелді Әбдірахманұлын туған күнімен құттықтадым! Барша қазақ жұртшылығы Амангелді Әбдірахманұлын ғалымдық пен зиялылықты ұштастырған, елінің ардақты азаматы, танымал тұлға, зерделі ғалым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде құрметтеп, мақтаныш тұтады.», - деді Оңдасын Оразалин.

Әкім қоғам қайраткерінің иығына шапан жапты.


Соңғы жаңалықтар