Ақтөбе облысындағы жолдар ашылды

None
None
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 08:00-ден бастап, «Самара-Шымкент» тасжолының бойында автокөлік қозғалысына қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Қазавтожол» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, таңғы сағат 08:00-ден бастап, ауа райының оңала бастауына байланысты республикалық маңыздағы «Самара-Шымкент» автожолының бойында барлық көлік түрлері үшін енгізілген шектеу алынды. Шектеу Хромтау қаласынан Ырғыз ауылына дейінгі аралықтағы 843 км-нен 1153 км аумаққа енгізілген болатын»,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің маманы Сабина Серікова.

Соңғы жаңалықтар