Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күші жойылды
2022 жылғы 15 қаңтар 17:06

Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күші жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 15 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 қаңтар

№ 776


Jańalyqtar

MURAǴAT