Ақтөбе облысындағы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарына 10 жыл ішінде 50 мыңнан астам адам тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық Достық үйінде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру еңбек жасақтары маусымының жабылауына арналған X облыстық жастар слеті өтті.

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында студенттік жасақтар мен «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарында жергілікті жастардың 2,5 мың өкілі еңбек етті. Олардың ішінде 1200 адам облыс орталығында, қалғандары облыстың 12 ауданында жұмыс істеді. Еңбекке тартылған жастардың арасында жоғары және орташа арнайы оқу мекемелерінің студенттері ғана емес, жұмыссыз жүрген ауыл жастары да болды.

Ағымдағы еңбек маусымының қорытындылары бойынша жұмыста ерекшеленген белсенді жастарға Астана қаласына жолдамалар мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Бұдан басқа «Жасыл ел» бағдарламасына белсенді қатысқан облыстың үздік аудандары, жоғары және орташа арнайы оқу мекемелері, жұмыс берушілер мен жасақ командирлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылып, елдегі жас азаматтардың жас буынының экологиялық тәрбиесіне бағытталған бағдарламаның аймақта іске асырылып отырғанына оныншы жыл болды.

Осы уақыт ішінде құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының қатарында 50 мыңнан астам жас азаматтар болды. Жалпы алғанда Ақтөбе облысы еңбек жасақтарын ұйымдастыру бойынша ел аймақтарының көшін бастап отыр.

Соңғы жаңалықтар