Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің табаны тазаланады - Мағзұм Мырзағалиев

None
None
АҚТӨБА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің табаны тазаланады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған. Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсуде, қыста қар аз.

Біз биыл көлдің табанын тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, өңірге арнайы комиссия барған.

«Аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтады. Бұл орташа көпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етеді», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар