Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауданы «сары» аймақтан шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтөбе облысында «сары» аймақта болған Мәртөк ауданында шектеу шарасы жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Мәртөк ауданында коронавирус жұқтырғандар саны артып, шектеу шаралары күшейтілген болатын. Жаңа қаулыға сәйкес бірқатар жеңілдік берілді.

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде Мәртөк ауданында шектеу шарасы жеңілдеді. Аудандар бөлінісінде бағалау матрицасына сәйкес Мәртөк ауданы «жасыл» аймаққа кірді», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Хромтау ауданында да шектеу шарасы күшейтілген еді. Мұнда ірі сауда орындары, базарлар жексенбі күндері жұмыс істемейді.



Соңғы жаңалықтар