Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында балық қырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы ең ірі су қоймасында балық қырылды. Қазір инспекторлар себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарғалы су қоймасындағы балықтың қырылуы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті . Қазір инспекторлар анықтау жұмыстарына кірісті.

«31 мамыр күні инспекция мамандары мен Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Қарғалы су қоймасының жұмысшылары аумақты аралады. Қырылған табан балығы мен судан сынама алынып, облыстық ветеринария және экология департаменінің зертханасына тапсырылды. Су мөлдір, жағымсыз иіс жоқ. Балықтан да жағымсыз белгі байқалмады», - деді облыстық орман шаруашылығы және жануалар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Дүйсенов.

Оның сөзіне сенсек, келесі аптада сынама қорытындысы белгілі болады. Бұл су қоймасында мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отыр.



Соңғы жаңалықтар