Ақтөбе облысындағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атөбе облысының бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысында 2021 жылғы 10-қаңтар сағат 10:45-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр аралас қар түріндегі жауынның көп мөлшерде түсуі) «Самара-Шымкент» автомобиль жолында, Батыс Қазақстан облысы - Қобда ауылы (526-615 шақырымы) учаскесінде қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Учаскеге арнайы техниканың 31 бірлігі жұмылдырылған»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар