Ақтөбе облысында жылқысы тепкен бақташы ауруханаға жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 22 қаңтарында түнде Ақтөбе облысы ТЖД-ға Жұрын стансасынан 35 шақырым жердегі Амангелді қыстағында жылқысының тебуінен ауыр жарақат алған ер адамға жедел медициналық көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жануардың соққысынан зардап шеккен 1969 жылғы Ж.К. Мұханбетжан тұратын қыстаққа медициналық қызметкерлер ауа райының қолайсыздығынан жете алмады.

Зардап шегушіге Ақтөбе қаласынан облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің «ТРЭКОЛ» техникасымен үш құтқарушы жіберілді. Аудан орталығы Қандыағаш қаласында құтқарушыларға Мұғалжар орталық аудандық ауруханасының травматолог дәрігері Марат Құрантаев пен Жұрын ауылдық округінің учаскелік дәрігері Демекбай Досымов қосылды.

Қолайсыз ауа райында 175 шақырымды артқа тастаған құтқарушылар шақыртқан жерге таңертеңгі сағат 10-да жете алды.

Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, түстен кейін ол Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар