Ақтөбе облысында жүргізуші көлігімен бірге өзенге батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының тұрғыны көлігімен бірге өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұғалжар ауданы Елек өзенінің жағасында қайғылы жағдай тіркелді.

«Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Елек өзенінің жағасында жүріп, «Volkswagen Passat» автокөлігімен жартастан өзенге құлаған. Апат салдарынан 59 жастағы жүргізуші автокөліктен шыға алмай, суға батып кеткен. Ал 45 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Полиция автокөлікті өзеннен ауыр техниканың көмегімен алып шықты. Сараптама тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, биыл өңірде 20-ден астам адам суға батып кетті. Оның төртеуі бала.


Соңғы жаңалықтар