Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

16 мамыр күні Самара-Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.

ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар