Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.


Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Соңғы жаңалықтар