Ақтөбе облысында жол апаттарынан биыл 74 адам көз жұмды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл басынан Ақтөбе облысында 74 адам жол-көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде 374 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 74 адам көз жұмса, оның 10-ы – кәмелет жасқа толмаған балалар. Түрлі жарақат алғандар саны 500-ден асады.

«Жаяу жүргіншілерді қағып кету, сондай-ақ көлік құралдарының соқтығысуы және аударылуы жүргізушілердің маневр жасау ережелерін бұзудан, қозғалыстың қарсы жолағына шығып кетуден болады.

Ақтөбе қаласында бірнеше қауіпті аймақ бар. Мәселен Нокин даңғылында жылдамдық режимін асырғаны үшін барлығы 8 жүргізуші жауапқа тартылды, оның 13-і жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Облыс бойынша 34 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оларға қатысты 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды және жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді», - деді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Мысалы, биыл Самара-Шымкент тасжолында «Honda Fit» маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «LADA rsoyl5i» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бала мерт болды. Осы факті бойынша «Honda Fit» жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар