Ақтөбе облысында жер үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Алға ауданындағы жер үйлердің бірінде табиғи газ жарылып, үйдің қабырғасы мен шатырын қиратып жіберген. 4 адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Маржанбұлақ ауылында болған.

«23 қаңтар 17:40-та «112» нөміріне Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі жер үйлердің бірінде газ жарылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 2 техника мен ТЖД екі қызметшісі барды. Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, олар облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Құрбандар жоқ», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы қалыпты дейді. Олардың денесін 9%-тен 19%-ке дейін түрлі дәрежеде күйік шалған.

Бұған дейін 20 қаңтарда Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы құлап, өрт шыққан. Көп ұзамай өрт сөндірілді, үш адам зардап шекті: 1965, 1994 жылы туған екі ер адам мен 1970 жылғы әйел. Зардап шеккендердің денесінің 25%-ін күйік шалған, олар Ырғыз аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Самал Ендібаева


Соңғы жаңалықтар