Ақтөбе облысында жер үйде газ жарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол ауылында газ жарылысынан үй қирап қалды. Адамдар дін аман. Олар қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша баспана берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға болған жерге барып, жағдаймен таныстым. Адамдарға еш қауіп төнген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, газ қазандығынан еш ақау болмады. Тек газ плитасынан газ шығып кетіп, ол жиналып, үйге жалғанған құрылысты қиратып жіберген. Арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Отбасына уақытша үй беріліп, көшірілді. Оларға көмек беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарына жұмысшылар көмектеседі», - деді Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашев.

Ал үйсіз қалған ауыл тұрғыны Руслан Тәжімановтың айтуынша, қазір ол 4 баласымен пәтер жалдап тұрып жатыр.

«Оқиға жексенбі күні болды. Бәрі дін аман. Жарылыстың неден болғанын білмейміз. Әкімдік келіп қарады, уақытша баспана берді. Бірақ берілген үйде су, жылу, әжетхана да жоқ, балалардың мектебіне алыс. Сондықтан пәтер жалдадық. Үйде анам, қарындасым, барлығы 8 жанбыз. Тума- туыстарым көмектесіп жатыр. Көктемге қайта салуға тура келіп тұр», - деді ол.

null

Соңғы жаңалықтар