Ақтөбе облысында жас мамандарға арналған тұрғын үйлерді несиелендіру үшін 318 млн теңге бөлінді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарға арналған тұрғын үйлерді несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктегі баспасөз мәслихатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина мәлім етті.

«Ауылдық ипотека 0,01 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға беріледі. Бастапқыда несиені мұғалімдер, дәрігерлер алған. Қазір ветеринарлар несие алу бойынша белсенділік танытып жатыр. Несие мөлшері - 1500 АЕК - бұл шамамен 3,1 млн теңге, - деді Г.Ерғазина.

2016 жылы аймаққа аталған бағдарлама бойынша 318 млн теңге қарастырылған. Жыл басынан төрт адам жалпы сомасы 12,7 млн теңге болатын несие алған.

Соңғы жаңалықтар