Ақтөбе облысында велосипед мінген жігітті көлік қағып өлтірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы тасжолда велосипед мінген 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың сөзіне сенсек, жол апаты 23 тамыз күні Белқопа ауылына жақын маңда, «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған. Велосипед айдаған жігіт реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан.

«Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі - Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны Қарабұтақ ауылынан шығып, Хромтау қаласын бетке алып келе жатқан. Белқопа ауылына жақын маңда сол бағытпен жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан велосипедшіге жол бермей, 19 жастағы жігітті қағып кеткен. Салдарынан жас жігіт оқиға орнында тілге келмей жантәсілім етті», - дейді Ерболат Сарқұлов.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар