Ақтөбе облысында ұшақпен ұшатындар саны өсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» халықаралық әуежайында жүк тасымалы артты, жолаушылар саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» халықаралық әуежайының жұмысымен танысты. Биыл әуежайды қардан, қоқыстан тазалайтын жаңа техникалар сатып алды. Бұл бағыттағы жұмыстарға 187 млн теңге бөлінді. Жолаушыларды тасымалдауға арналған екі автобус жаңарды.

«Өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 35%, жүк тасымалуы 400% артты. Сонымен бірге рейстер саны 30% көбейді. Қазіргі уақытта жолаушылар рейсі 4 ішкі және 1 халықаралық бағыт бойынша аптасына 80-нен астам рейс орындалады. Жүк рейстері 4 бағытты қамтиды. Аптасына 20-дан астам рейс бар», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл 11 айда әуежайға түсетін қаржы көлемі 600 млн тг құрады. Басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, 2019 жылы 470 тонна жүк тасымалданса, 2020 жылы 2000 тоннаға жетті. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайларынан кейінгі үшінші отырда тұр. Сондай-ақ биыл жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 40% көтерілген. Одан өзге әуежайға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасалды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин күту залын аралап, әуежайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды қарады.


Соңғы жаңалықтар