Ақтөбе облысында үш айда 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында үш айда 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Ақтөбе облысының аумағында 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 150-ге жуық адам түрлі жарақат алып, 17 адам қаза тапқан.

Сонымен қатар, биылдыққа полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілері жіберген 21 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 576 жүргізуші көлік құралдарын басқару кезінде смартфон пайдаланса, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен 800-ге жуық жүргізуші және маневр жасау ережелерін бұзған 260 жүргізуші тіркелген.

Мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігінің күшеюіне қарамастан, көптеген жүргізушілер алкогольдік ішімдіктер мен есірткі тұтынғаннан кейін көлік басқаруды жалғастыруда. Жыл басынан бері көлік жүргізушілерінің кінәсінен алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде 3 ЖКО орын алды.


Соңғы жаңалықтар