+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында үш адам суға батып кетті

2021 жылғы 25 шілде 18:18
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында үш адам суға батып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде үш адам суға батып кетті. Оның біреуі - 18 жастағы қыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖМ: Суға кеткен балалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған Биыл елімізде шомылу маусымында 300-ден астам адам суға кетті Атырау облысында жыл басынан бері 26 адам суға кеткен

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бірінші оқиға сағат 3:00-де тіркелген.

Ақтөбе су қоймасына балық аулауға барған төрт ақтөбелік мінген моторлы қайық кенет аударылып кетіп, үшеуі жағаға жүзіп барды. Ал біреуі жоғалып кетті.

«Жедел құтқару жасағы іздеу жұмыстарын жүргізіп, 46 жастағы ер адамның денесін 3 метр тереңдіктен алып шықты. Сонымен бірге бүгін сағат 13:45-те 45 жастағы ер адамның денесін куәгерлер судан алып шықты. Болжам бойынша қаза тапқан адам мас болған. Сөйтіп тыйым салынған аумақта суға шомылған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТЖД қызметкерлері Мәртөк ауданы Елек өзенінен 18 жастағы қыздың денесін іздеді.

Куәгерлердің айтуынша, ол тыйым салынған аумақта шомылған. Көп ұзамай құтқарушылар қыздың денесін шығарып алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT