Ақтөбе облысында тұманға байланысты жол жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«9 желтоқсан күні 20:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қою тұман түскен) республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 842-965 км аралығында көліктің барлық түрі үшін жол жабылды. Бұл — Дон ауылынан Қарабұлақ ауылына дейінгі аралық» делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Автор:

Самал Ендибаева

Соңғы жаңалықтар