Ақтөбе облысында тіркелмеген 17 қару табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 1 қарашадан бастап Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара кезінде 8457 атыс қаруы иесінің 5119-ы тексерілді. Ол - қарумен тіркелген халықтың 60,5 пайызы.

«Осы аралықта 111 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактісі - 18, қару сақтау тәртібін бұзу фактісі - 80, қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу - 13», - деп мәлім етті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалпы, жедел алдын алу шарасы кезінде тіркелмеген 17 қару табылды. Оның ішінде тегіс ұңғылы қару - 13, газ - 2, травматикалық қару - 2. 

Соңғы жаңалықтар