Ақтөбе облысында тәртіпсіздікті ұйымдастырып, бүлікке шақырған 11 күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және іріткі салды деген күдікпен 11 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен түні коменданттық сағат тәртібін бұзған 367 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған және іріткі салған 11 күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1 –бөлігіне, яғни «Жаппай тіртіпсіздікті ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қалғандарының іс-әрекетіне заңды баға берілуде.

Облыс тұрғындарынан тыныштық сақтап, дүрбелеңге салынбай, араңдатушылыққа ермеуді сұраймыз», - деді Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев.

Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында құқықтық тәртіпті бақылау жүмысы жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында сұйытылған газ бағасы 50-55 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар