+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

2020 жылғы 10 шілде 14:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық адам өкпе қабынуы дертінен емделіп жатыр. Соңғы тәулікте 63 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққандарға арналған стационарлар жабылуда

Пневмония дертімен күресіп жатқан дәрігерлер де арнайы қорғаныс киімін киіп, үнемі бетперде тағып жүреді.

«Ақтөбе облысында өкпе қабынуы дертіне шалдыққандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 63 адам ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін 100-ге жуық адам тәулік сайын емдеу орындарына жеткізілетін. Облыс бойынша стационарда 1946 адам ем қабылдап жатыр. Оның 498-і - ауданда. 728 науқас амбулаторияда», - деді облыс әкімінің Денсаулық сақтау саласы жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ресейден келген мамандарды күтіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолданды.

«Дәрігерлерді демалысқа жіберу тәртібі қатаң бақылауда. Ауырып, емделіп шыққандар қайта жұмысқа қосылып жатыр. Қазіргі уақытта 100 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның 55-і - дәрігер. Ал 77 медицина қызметкері өкпе қабынуы дертіне шалдықты», - деді Әсет Қалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT