+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында оқушыларға арналған жазғы мектептер ашылады

2021 жылғы 7 мамыр 21:52
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында оқушыларға арналған жазғы мектептер ашылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушылар жазда мектепке барып, сабақ оқи алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 10 мектеп салынып жатыр Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының он жетінші маусымы басталды ШҚО-ның бірқатар қала, ауданында жаңа мектептер бой көтермек

Ақтөбе облысы бойынша оқушылардың аралас форматта білім алуына рұқсат берілді . Енді жазғы мектептер жұмысын бастайды.

Шектеу шаралары кезінде оқушылар онлайн білім алып, кейбір тақырыпты жеткілікті меңгермеген болуы мүмкін. Олқылықтың орнын толтыру, пәндер бойынша өткен материалды сапалы меңгерту мақсатында өңірдегі барлық білім ұйымында 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектептердің ашылады.

Жазғы мектепке оқушылар ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.

Оқу тегін және ешқандай қосымша шығынды қажет етпейді.

Мектеп формасын сақтау талап етілмейді. Жазғы мектепке тартылған мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі.

Жалақылары осы оқу жылында бекітілген оқу жүктемесі негізінде төленеді.

«Мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берісте қызу өлшеунеді, маска тағу міндетті, қолды жиі жуу, ғимаратты, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды»,- деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT