+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді

2021 жылғы 22 сәуір 18:10
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында карантиндік шектеу шаралары кейбір бизнес субьектісіне жеңілдетіліп, біріне қайта күшейтілді. Енді жабық базарлар сенбі, жексенді күні жұмыс істемейді. Ал монша мен сұлулық салондары ішкі ережемен қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен ауруханада жатқандар саны 450-ден асты Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді

Ақтөбе облысында кәсіпкерлер қазір «Ashyq» пилоттық жобасын қолданысқа енгізіп жатыр. Мобильдік қосымша кейбір нысанның еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Мәселен, фитнес орталықтары, сауна, бассейн, компьютерлік клубтар мен боулинг, кинотеатр, концерт залдары осы қатарда.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаларды сауықтыру лагерлері мен мектептердегі асханалардың жұмысына, сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқытуға, ауызашар беруге рұқсат жоқ. Сондай-ақ қала саябақтарында, жағалауларында және скверлерінде балалар мен ересектерге арналған электромобильдер, самокат, картинг қызметін қолдануға болмайды. Ал спорттық жаттығуға рұқсат берілген. Тек 30 адамнан артық жиналуға болмайды.

«Көшеде тамақ сататын арнайы орындардың жұмысына рұқсат бар. Олар: тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончик, балмұздақ, көкөніс сату қызметі.

Сондай- ақ қоғамдық көлікте, такси, әуежай, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда, аялдамада, үйлердің кіреберісінде санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу күшейтілуі тиіс.

Арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар жабық режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Жоғары оқу орындарының I курс студенттері оффлайн, колледждердің I курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшеді.

Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес), cауна, СПА-орталық, бассейн, жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) және спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес клубтар, соның ішінде йога орталықтары, сауда, ойын-сауық үйлері, сауда желілері сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатуы тиіс», - деп жазылған қаулыда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT