Ақтөбе облысында мектеп оқушысының өліміне қатысты іс бір жылдан бері тергеліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Милы ауылында былтыр сәуір айында 7 жастағы Саян Жақсылықтың өлі денесі табылған болатын. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бірақ қылмыстық істі тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің Әйтеке би ауданына қарасты Милы аулында өткен жылдың 27-сәуірінде 7 жастағы Саян Жақсылықтың өлі денесі табылды. Бала мектепке бет алып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары мен полицей\лер іздеп оның өлі денесін тапты. Содан бері аудандық ішкі істер бөлімі бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындап, күдіктілерді іздеді. Күте-күте шыдамы таусылған Саян Жақсылықтың анасы Г.Сейітова ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрады . Сол кезде Астана мен Атырауда ғана жасалатын сараптаманы күтіп отырғанын мәлімдеген полиция қызметкерлері әлі бір шешімге келмепті.
«Мен аудан әкімі ретінде бұл істі бақылап отырамын, бірақ тергеу жұмыстарымен арнайы органдар айналысады. Апта сайын аудандық прокуратура мен тергеушілерден істің мән-жайын білемін. Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура үнемі қадағалап отыр. Бұл іс бойынша әлі де тергеу жүріп жатыр, жабылған жоқ. Тергеу құпиялылығына байланысты нақты дерек айта алмаймын. Ата-анасы маған хабарласпады», - деді Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашев. 

Соңғы жаңалықтар