+7 (701) 759 90 19
USD 377.75 EUR 421.27
RUB 6.13 CNY 54.91
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында медициналық көмектің сапасы жақсарды – әлеуметтік медсақтандыру қоры

2019 жылғы 5 желтоқсан 09:34
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында медициналық көмектің сапасы жақсарды – әлеуметтік медсақтандыру қоры

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артып келе жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне жасалған мониторинг нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік медициналық сақтандыруға қатысты фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды Қытайдағы дәстүрлі қазақ медицинасы үлкен сұранысқа ие: қазақы етікпен емдеу, киіз үй үлгісіндегі тігіс Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайтылады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - медициналық қызметтерді төлеуші және стратегиялық сатып алушы. Бүгінгі күнде Ақтөбе облысының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында аталған көмекті 37 мемлекеттік және 26 жеке емхана көрсетеді. Жеке және мемлекеттік емханалардың қызмет көрсету ақылары көрсетілген қызметтің сапасы мен көлемі мониторингінің нәтижелерін есепке ала отырып жүргізіледі.

Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 2019 жылдың 11 айында медициналық көмектің барлық түрі мен формасы бойынша жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгеге 28 мыңнан астам ақауларды анықтаған.

«Медициналық көмектің барлық түрі мен формасы бойынша 28 мыңнан астам ақауларды аннықтадық. Бұлар: диагностика мен емдеу хаттамаларының толығымен орындалмауы, диспансерлік есепке уақытылы алмауы және тағы да басқа заң бұзушылықтар. Осы ақаулар бойынша біз медқызметтің сомасынан 10-нан 30 пайызға дейін ұстап қалдық.

Сондықтан да аймақтың медициналық ұйымдары көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын үнемі арттыруға тырысады. Бұл өз кезегінде заң бұзушылықтардың азаюына әкеліп, медициналық қызметтің сапасын арттыруға апарды», - деп санайды қор филиал бөлімінің басшысы Гүлзада Түлкібаева.


Еске сала кетейік, 2020 жылдан бастап республика бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оның аясында азаматтар тегін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, бірақ сақтандыруды алмаған адам тек медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемін ғана алады деп атап өтті қор өкілдері.

Әр адам өзінің сақтандырылғанын немесе сақтандырылмағанын «МӘСҚ» КЕАҚ-ның www.fms.kz ресми сайтынан ЖСН нөмірі бойынша тексере алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT